
Қазақстан Республикасының Президентегіне кезектен тыс сайлау науқаны өтіп жатыр. Осыған орай, ел Президентін анықтайтын шараға Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері мен басқармаға қарасты 7 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де сайлау учаскелеріне барып, белсенді түрде қатысып жатыр.
Президент сайлауы – бұл әр адам үшін өмірдегі маңызды күн. Бұл күні әркім өзінің азаматтық таңдауын жасайды. Түркістан облысының тұрғындары Президент сайлауында белсенділік танытуда.
Айта кетейік, сағат 18:05-тегі жағдай бойынша Түркістан облысы көш басында. Яғни 80,25 пайызды құрап отыр. Таңғы 07.00-ден бастап ашылған сайлау учаскелері 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы