ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ БІР ДЕММЕН ӨТТІ

Жастардың іс-шаралар жоспарында аға буын өкілдерінің жастармен «Bir Tolqynda» еркін диалогтық алаңына шақырылдым. Жаңа Қазақстандағы жастардың азаматтық белсенділігі тақырыбы кеңінен талқыланды. Диалагтық алаңшаға кілең белсенді жастамен бірге Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы – Жұман Жансерік қатысты.

Маған ұнаған бір сұрақ туралы айта кетейін ашаң бойлы бір журналист қыз Қалыйма Жантөреқызы Осы үлкен кісілер бізге бұрын біздер ондай едік қиындық көп көрдік,сіздер ондай емессіздер деген көңіл толмайтындай пікірлер айтады,Сіз қалай ойлайсыз? деп қойып қалды. Мен бұл сөздерге үйреніп қалғанмын,ал мен болсам сіздерге қызығамын,не деген ақылды жастар арамызда қаптап жүр,бірнеше тілді меңгерген,еркін ойлап, ойын сыртқа шығарып кез-келген теманы аша аласыздар,біздің кезімізде оның бірі болған жоқ,сол заманның белсенді жастарынан да сіздер анағұрлұм өткір ақылдысыздар мен сіздерге қызығамын, ел тәуелсіздігі көп нәрсені алып берді қоғамдағы жастар, ең бастысы ой еркіндігі сіздерде басым деп жауап қаттым.

Балалық, жасөспірім кезім есіме түсті.Ең бастысы табандылық, бастаған нәрсені соңына дейін жеткізу. Нағыз әділетті заман орнап келе жатыр қайда барсаң да жол ашық тек тайсалма. Тамыр-таныстық түбірімен жойылғанда барлық нәрсеге жол ашылады, сыбайлас жемқорлықтың өзі сыбайлас жемқорлықпен байланысты апалы-сіңлі сияқты дегенімде жастардың көздерінен болашаққа деген сенімді көрдім.
Еркін диалогтық алаңының басты мақсаты – жастар мен пікір алмасып біліп, білмеген тақырыптар бойынша еркін сөйлесу болды. Біз бүгінгі кездесуімізде еркін пікір алмастық, ешкім бейтараптық танытпады. Жалған көзбояушылықтан алыс шынайы пікірлесу өтті.

Кездесу барысында, жастармен азаматтық белсенділік тақырыбында диалог өрбітіп, өзімнің өмірлік тәжірибелеріммен бөлістім.Арасында өмірде жіберген қателіктерім туралы да айтып күлдіріп отырдым. Бір-бірлерімізбен бұрыннан араласып жүргендей ашық әңгіме өрбіді. Қыздар тәрбиесі,ұлдар тәрбиесі туралы ойымды ұйып тыңдады. Бұл ойды мен айтпасам кім айтады. Пікір алмасу соңында мені «Парасат» ордені иегері болуыммен құттықтады. Бұл кездесу ерекше еді. Өткен күнге бұрылып есеп бергендей сезіндім,алға қарап жоспарларыма көз жүгірттім. Қоғамға қажет екенімді бүкіл болмысыммен сезіндім.
Ортақ тақырыпта жастар да өз сауалдарын қойып, көкейтесті сұрақтарына жауап ала алды деген ойдамын.

Кездесу соңында суретке түстік.Жүздері бал-бұл жанған жастар суретке түсуге кезекке тұрып жатты. Балауса қыздарды еркелетіп апалық мейірімімді төктім, кеңесімді аямадым, жастарды әңгімеге тартып бауырыма тарттым,еңбекқорлыққа шақырдым. Не деген сауатты, білімді жастар өсіп келеді.Сабақтастық деген іс жүзінде осы болар. Құшағымда сан түрлі дала гүлдері, жұрегімде жастардың ыстық ықыласы, балалық сезімі. Сенім нұрына бөленіп есікке қарай бет алдым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықтық коалицияда сөйлеген​ сөзі​ ойыма ​оралды.

«Тәуелсіз елдің ойы еркін, рухы азат ұрпағы өсіп келеді. Біз түбегейлі өзгерістің бәрін өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасап жатырмыз. Баршаңызды елімізді бірге көркейтуге шақырамын! Өйткені, біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.Әрдайым бірге болайық! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыз жасай берсін!» деген болатын. Сенім әркезде жеңіске алып барады.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, өңірдің Құрметті азаматы.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған