«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне әлеуметтік мәселелерден бөлек, елді мекендердің инфрақұрылымына қатысты өтініштер жиі келіп түседі.
Мәселен, Жетісай қаласының тұрғыны Бахыт Исмайлов көшесін жарықтандыру бойынша көмек сұрап өтініш жасаған болатын. Өтініш иесінің мәселесін қарау үшін «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдауда Б.Исмайловтың мәселелері зерделенді. Қабылдау барысында көшесінің жарықтандыруда сым тетіктері істен шыққаны анықталды.Нәтижесінде Жетісай аудандық мәслихат депутаты Байтилесов Нұрбол Айтбайұлының ықпалымен жарықтандырылып мәселесі оң шешімін тапты. Өтініші қанағаттандырылғаннан соң азамат Б.Исмайлов «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалына және Жетісай аудандық мәслихат депутаты Байтилесов Нұрбол Айтбайұлына алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында да мәселенің түйінін шешуге аудандық филиал сеп болды. Аудандық партия филиалына тұрғындардың білдірген өтініштер негізінде Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Шамхат Халмурадов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсенбаев, Манкент ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов Алматы тас жолы бойында орналасқан ауыз су ұңғымасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының жағдайымен танысып қайтты. «Tomi» мердігер мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы анықталып, бақылауға алынды. Нәтижесінде, аяқталған соң жергілікті тұрғындар сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілетін болды

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған