ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубы ІІІ Республикалық «JAS TALANT» онлайн байқауын өткізеді. Режиссерлік және актерлік қабілеттері бар дарынды жастарды анықтауға арналған бұл байқау мектеп бітіруші оқушылар мен колледж бітіруші студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өскелең ұрпақты көркем шығармашылық жанрға баулуға және еліміздегі жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған.

Бұл байқау Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттерімен өзара ынтымақтастық меморандум аясында өткізіледі.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау «Өнерлі жас», «Бармақтар», «Өлкетану», «Хареография», «Жас дарын», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Бейнелеу өнері», «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн» номинациялары бойынша жүзеге асырылады. Әр номинация бойынша үш жүлделі орын болады. Сайыс жеңімпаздары аталған ЖОО-лардың грантына ие болады.

Байқауға Республика көлеміндегі ережеге сай келетін кез-келген өнерпаз қатыса алады. Олар орта мектептер мен мектеп-лицейлердің 11 сынып оқитын оқушылары немесе бітіруші колледж студенттері болуы қажет. Конкурс қатысушыларының қолөнер  туындылары мен бұйымдары «Оқушылар сарайы» ғимаратына табысталады.

Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2023 жылдың 10 мамырына дейін jastalant2022@gmail.com электрондық почтасына жолдануы қажет.

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, 162 квартал, 387 телім. Қосымша ақпарат алу үшін +7 747 937 17 54 нөміріне хабарласуға болады.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған