ТҮРКІСТАН: ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТТІ

М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті. Қалалық семинарға адами әлеуетті дамыту бөлімінің ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жаннат Сералиева мен 30-дан астам білім ұяларының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Басты мақсат — жаңартылған түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып тәжірибе алмасу. Осы тұрғыдан мектеп фаесі ерекше безендіріліп, SHOKAY AIR ұшағына жолаушыларды стюардессалар семинар бағдарламасымен ағылшын тілінде таныстырды. Сонымен қатар, арнайы бұрыш жабдықталып, Лондон қалашығының керемет тамашалау арқылы гид оқушы көрмені таныстырды.

Тақырып аясында «Sport in our life» тақырыбында 8 «В» сыныбына Е.Умирзахов, «Discussing the difference between organic and non-organic food» тақырыбында 10 «Ә» сыныбына А.Жумагулова, «Daredevils» тақырыбында 7 «Б» сыныбында Ақмурзаева А, «Learning language» Абдугаппарова М, «Develop speaking skills» (тренинг) И.Жалалова тақырыбында ашық сабақтар өтті

Концерттік бағдарламаға жалғасқан шара соңында семинардың жоғары дәрежеде өткенін тілге тиек еткен әдіскер Жаннат Сералиева мектеп ұжымына алғыс білдірді. Мұғалімдердің сабағы талқыланып, тәжірибе алмасу бағытында өзара пікір алмасты.

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған