ТҮРКІСТАНДЫҚ БАПКЕР ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҒЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Темірланда панкратионнан облыс біріншілігі өтті. Тартысты бәсекеде Түркістан қаласының спортшылары 7 алтын, 5 күміс,  3 қола медаль иеленді. 
Жалпы командалық есепте облыс орталығының өрендері командалық есепте 2-орынға тұрақтады. 

Мәселен, Муслим Ассадиллаұлы элит және традишн бөлімдері бойынша 1-орын. Бекзат Бахтиёров және Нұрбол Абдолла элит бойынша 1-орын, традишн нұсқада 2-орын алды. Ал, Едгор Исаковқа алтын және күміс медаль бұйырды. 

Ардагер спортшылар арасында сынға түскен жүлделі орын иегерлерінің жаттықтырушысы Болат Ибрагимов 84 келі салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын сақтап қалды. 
Сондай-ақ, Нұртілек Пернебек, Арман Мырзахметов 1-орын
Дарын Төрегелді, Сәкен Өтебек, 
Мұхаммадали Аматов 2-орын. Бекарыс Ордабек, Мирас Ахмет 3-орын иеленді. 

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ. 

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған