ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Бейсембаев бүкілхалықтық референдумды түсіндіру бойынша көпбалалы аналарымен кездесу өткізді. Түркістан қалалық орталық кітапханасындағы кездесуде спикер референдум туралы толыққанды айтып өтті. Қоғамдық штаб мүшесі көпбалалы аналарды 5 маусым күні өтетін рсепубликалық референдумда дауыс беруге шақырды.

«Газет-журнал беттерінде Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы мәліметтер жарияланды. Конституцияда 99 бап болған болса, енді 33 бапқа өзгеріс енгізілмек. Негізгі бағыттары, супер Президенттік биліктің бұдан кейін болмайтындығы және мемлекеттік, квазимемлекеттік билікте ешқандай туыстарының болмайтындығы құптарлық ой. Өздеріңізге мәлім Мемлекет басшысы ешқандай саяси партия құрамында болмайтындығын айтты. Жалпы еліміздің өркендеуі үшін заман талабына сай жаңа өзгерістер қажет екені анық»,- деді Бақытжан Жармаханұлы.

Жиынға қатысқан аналар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген қоғамдық штаб мүшесіне алғыс білдіріп, заңдық кеңес беруге ұсыныс білдірді. Мәселен газ, жол және пәтер сатып алу бойынша өзекті мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, тиісті сала мамандарымен байланысудың жайы сөз болды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған