Түркістанда чернобыль апаты ардагерлерінің конференциясы өтті

Түркістан қаласында Чернобыль апаты ардагерлерінің республикалық конференциясы өтті. «Қоғамның қуатты күші – бірлікте» тақырыбындағы алқалы басқосу облыс орталығында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін мұндай ауқымды жиын 2003 жылы Шымкент қаласында өткізілген болатын. 
 
«Маңызды іс-шараның мақсаты – ел бірлігін бекемдеуге, қоғамдық келісім мен татулықты нығайтуға үлес қосу. Жоспарға сай конференцияға қатысушылар түркістандық жастармен елдік пен бірлікті нығайту бағытында пікір алмасып, «Керуен Сарай» көпфункционалды кешеніне экскурсия ұйымдастырылды», – деді Республикалық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Бақытжан Әшірбаев
 
Қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Хұсайын Мустафа конференцияның күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Оның негізгісінің бірі – «Республикалық Чернобыль ардагерлерінің Орталық кеңесі» бірлестігін қалыптастыру. Сондай-ақ, орталық кеңес бірлестігінің жарғысы, мүшелері мен төрағасы бекітілді.
 
 Конференцияда Чернобыль апаты жайлы тарқатып айтқан Маңғыстау облыстық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Юрий Израилевич және спикерлер БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, ардагерлер Чернобыль апаты қатысушыларына арналған тудың мән-мағынасын түсіндіріп, арнайы таныстырлым жасалды.
 
Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған