ПАНКРАТИОННАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында панкратионнан облыс біріншілігі өтті. Балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы тартысты жарысқа 700-ге жуық спортшы қатысты. Жекпе-жек сайысында «облыстық жауынгерлік өнер» қауымдастығының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Қоржында – 5 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль.

Сайыста түркістандық Аян Абдрайымов пен Муслим Асадиллаұлының бағы жанды. Қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген спортшылар 1-орын тұғырынан көрінді. Ардагер спортшылар арасындағы жекпе-жекте Болат Ибрагимов чемпион атанды.

Жетісайлық Әбдісаттар Әбдіманап жасөспірімдер, Жандарбек Биботаев жастар арасында өз салмағында мықты екенін дәлелдеді. Осылайша чемпиондар ел біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің екі спортшысы жүлделі орынды иеленді. Шардаралық Азат Исақ ересектер арасында 57 келі салмақ дәрежесінде, Данияр Құдайберген жастар арасында 71 келіде чемпион атанды.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған