ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА ҮЙ ТАРТУ ЕТТІ

Түркістан облысы, Жабағылы ауылында ауыл әкімі Е.Меңлібековтің ұйытқы болуымен және ауыл тұрғындарының атсалысуымен жалғызбасты көпбалалы анаға үйдің кілті тарту етілді. Г.Қайназарова – 5 баланың анасы, отағасы өткен жылы дүниеден озған. Отбасын жалғыз өзі асырап, еңбек етуде.
Көпбалалы отбасыға баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен салтанатты жиында табыстады. Жиында ел ағалары игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдірді. Жабағылы ауылының тұрғындары бұған дейін де үйі өртенген отбасыға жаңа баспаналы болуға септігін тигізген болатын. Сонымен қатар, ауыл тұрғының емі үшін ел болып жиналып, 2 миллион 500 мың теңге қаржылай көмек көрсеткен еді.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған