ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау және тайғақты жерлерге құм-тұз араласқан инертті заттар себу жұмыстары жүруде. Ағымдағы жылдың 18-19 қаңтары күндері облыстағы жолдарға 933 750 шаршы метр инертті заттар себілген. Жалпы қысқы маусымға көктайғаққа қарсы 8 500 текше метр құм, 675 тонна инертті материалдар дайындалған. Жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарына 354 жұмысшы, 125 бірлік арнайы техника жұмылдырылып отыр.
2021 жылдың 23 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 321 шақырымы ақылы жүйеге енгізілген болатын. Ақылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Тараз» бағыттары бойынша – «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і, «Шымкент-Қызылорда» бағыты бойынша – «South Road» ЖШС-і жүргізуде. Қалған 402,1 шақырым автожол – «Қазақавтожол» ЖШС тиесілі.
Қысқы маусымда қауіпті саналатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 4 жылыту бекеті орналасқан. Олар: Бәйдібек ауданындағы «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автомобиль жолы бойындағы «Шыбықбел» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолындағы «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері. Сондай-ақ, Созақ ауданындағы «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» автомобиль жолының 63-шақырымындағы «Ащысай» және «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автомобиль жолы бойындағы «Таскөмірсай» жылыту бекеттері. Аталған бекеттердің әрқайсысы бір мезгілде 30 адамды қабылдай алады. Сондай-ақ азық-түлікпен және жылыту үшін 68 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған